Что такое экология на казахском языке

Қазақстан Республикасының экологиясы

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.

Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.

1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген «Невада-Семей» козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш. Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес, елім дейтін барша азаматтар атсалысуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан экологиялық проблемалар тұр. Осындай ағалар арқасында «Ароал-Балқаш» қоры құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі.

ЮНЕСКО тарапынан халықаралық кеңес болып өтті. ОғанӨзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан Республикаларынан танымал эколог ғалымдар қатысты. Егер нақты шара қолданылмаса барынан, байлығынан айырылған өлі көлге айналмақ деген дабыл қағылды.

Пайдалы қазбалардың ішінен республикаға ең максимальды экономикалық, экологиялық, және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйінде, басқа елдерге жө-нелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұйымның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны шикізат өндіретін орындардың зиянды қалдықтары мен бүлінген су, ауа, топырақ.

Қоршаған ортаның республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе тау-кен өнеркәсіп орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялык, ахуал соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде. Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында Орталық Азиядағы бес мемлекет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан Президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшылары шешімімен Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру түралы шаралар айқындалды.

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау.
«Қызыл кітап» Қорықтар мен қорықшалар

Бұлардан баска өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 62 қорыкша, 5 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы) және табиғат ескерткіштері ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас кор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның камқорлығының арқасында жүзеге асады.

Источник

Презентация по казахскому языку на тему «Экология» (11 класс)

Влияние сенсорной интеграции на ребенка с ОВЗ в дошкольный период

Успейте записаться до 17 декабря!

Описание презентации по отдельным слайдам:

Қарағанды облысы Осакаров ауданы «Молодежный кенті №23ОМ» КММ Т.А.Ә.А Шариязданова Жанбота Умирхановна Жұмыс өтілі 25 жыл Лауазымы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Санаты/деңгейі жоғары деңгейдегі бірінші санатта Деңгейі І /ілгеріңді/ деңгей пән: қазақ тілі сынып: 11 сабақтың тақырыбы: Экология

«Смотри на хорошее, слушай хорошее, говори хорошее, думай о хорошем, делай хорошее». «Помогай всегда, не вреди никогда». «Любовь дает и прощает, эго берет и забывает».

Сабақтың тақырыбы: Экология.

Экология – тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым. Экология – гректің “oikos”- үй, мекен жай және “logos”- ілім деген сөздерден алынған және ол терминді 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель ғылымға алғаш рет енгізеді. Экология – жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарын бір-бірімен байланыстыратын кешенді ғылым.

Экология ғылымының даму кезеңдері

Қазіргі заманғы экологияның құрылымы Биоэкология Геоэкология Адам экологиясы Әлеуметтікэкология Қолданбалы экология Аутэкология Құрлық Қала экологиясы Жеке адам экологиясы Өнеркәсіптік (инженерлік) Синэкология Тұщы су Халықтарэкологиясы Адамзат экологиясы Технологиялық Популяциялық экология Теңіз Экологиялықсәулет Мәдениет экологиясы Ауыл шаруашылық Биогеоценология Жоғары таулы Этноэкология Медициналық Ғаламдық Кәсіпшілік Өсімдіктер Химиялық Жануарлар Реакрациялық Микроорганизмдер Геохимиялық Су ағзалары Табиғаттыпайдалану

ЖАҢА СӨЗДЕР мұнай қайнары, оң ықпал, текше метр, тасымалдау, алыптар, парыз, ілім, сауаттылық, азаматтық көзқарас, елжандылық қасиет, құбыр, тоздыру, үлес қосу

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС Мәтінмен жұмыс

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС «Табиғатты қорғау» тақырыбы бойынша қабырға газетіне ұсыныстар беру.

Үлгерімі төмен оқушыларға арналған

Үй тапсырмасы 1деңгей: «Экология ғылымының даму кезеңдері» туралы эссе жазып келу. 2деңгей: «Экология ғылымының бағыттары» туралы сұрақтар құрастырып келу. 3деңгей: Берілген сұрақтарға жауап беру.

Выберите книгу со скидкой:

ОГЭ. География. Новый полный справочник для подготовки к ОГЭ

Математика. Новый полный справочник школьника для подготовки к ЕГЭ

Дошкольная педагогика с основами методик воспитания и обучения. Учебник для вузов. Стандарт третьего поколения. 2-е изд.

Считаю и решаю: для детей 5-6 лет. Ч. 1, 2-е изд., испр. и перераб.

Начинаю считать: для детей 4-5 лет. Ч. 1, 2-е изд., испр. и перераб.

Считаю и решаю: для детей 5-6 лет. Ч. 2, 2-е изд., испр. и перераб.

Пишу буквы: для детей 5-6 лет. Ч. 2. 2-е изд, испр. и перераб.

Русско-английский словарик в картинках для начальной школы

ОГЭ. Литература. Новый полный справочник для подготовки к ОГЭ

ЕГЭ. Английский язык. Новый полный справочник для подготовки к ЕГЭ

Рисуем по клеточкам и точкам

ЕГЭ. Информатика. Новый полный справочник для подготовки к ЕГЭ

БОЛЕЕ 58 000 КНИГ И ШИРОКИЙ ВЫБОР КАНЦТОВАРОВ! ИНФОЛАВКА

Влияние сенсорной интеграции на ребенка с ОВЗ в дошкольный период

Успейте записаться до 17 декабря!

Номер материала: ДВ-232342

Не нашли то что искали?

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако редакция сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.

Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение редакции может не совпадать с точкой зрения авторов.

Источник

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.

Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.

Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.

Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы осьінен тайдырын жібере жаздады. Егер жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес.

Источник

Поделиться с друзьями
admin
Оцените автора
( Пока оценок нет )
Как переводится?
Adblock
detector